Түркия сайлаудың екінші турына дайындалып жатыр

24 Мамыр 2023, 16:02
705
Бөлісу:
Түркия сайлаудың екінші турына дайындалып жатыр

Түркияда алдағы жексенбі күні президенттік сайлаудың екінші туры өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірақ шет елдерде тұрып жатқан азаматтар дауыс беруді бастап кеткен. Саяси шара бүгін аяқталуы тиіс. 

Додаға елдің қазіргі президенті Реджеп Тайип Ердоған мен оппозиция атынан Кемаль Кылычдароғлу түседі. 

Алғашқы турда Ердоған 49,5 пайыз,ал Кылычдароғлу 44,88 пайыз дауыс жинаған еді. Бірінші турда жеңіліп қалған Синан Оган қазіргі мемлекет басшысын қолдайтынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы