Түркия Президенті: Кеме жасау зауытын салуға көмек беруге дайынбыз

12 Қазан 2022, 17:51
959
Бөлісу:
Түркия Президенті: Кеме жасау зауытын салуға көмек беруге дайынбыз

Ақордада өтіп жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Алқалы жиында  Түркия басшысы қазақ-түрік сауда айналымы аз уақытта 5 млрд долларға, ал ұзақ мерзімде 10 млрд долларға жеткізуді мақсаты тұтып отырған айтты.  Сонымен бірге ол былтыр 58 пайыздық өсіммен бастапқы меже еңсерілгенін, яғни сауда-саттық 5 млрд долларға жеткенін атап өтті.

Жаңа ғана өткен оңаша кездесуде қарым-қатынасымыздың барлық аспектісі, аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмастық. Ынтымақтастығымызды барлық салада одан ары нығайтуға келістік. Қазақстандағы инвестициямызды қомақты деңгейге көтеріп, 4,13 млрд долларға жеткіздік. Түркия басқа елдерге қарағанда тек энергетика саласына ғана  мән беріп қоймай, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жұмыспен қамтуды арттыруға көмектесуде. Жұмыс орындарын ашуға көбірек үлес қосқысы келетін компанияларымызға қолдау білдіретіндігіңізге сенімдімін, - деді Түркия Президенті.

Сонымен қатар Ердоған Тоқаевтың ұсынысына жауап берді.

Қазақстанның Каспий теңізіндегі көлік флотын күшейту және түрлі ерекшеліктегі кемелерді шығару мақсатында кеме жасау зауытын салуға көмектесуге де дайынбыз, - деп мәлімдеді Режеп Тайип Ердоған

Өзгелердің жаңалығы