Түркия әскери операция кезінде тұтқындалғандарды Ресейге аттандырды

1 Қараша 2019, 15:05
1576
Бөлісу:
Түркия әскери операция кезінде тұтқындалғандарды Ресейге аттандырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия "Бейбітшілік қайнары" операциясы кезінде Башар Асадтың режимін жақтаушы қарулы топтың мүшелерін елдің шекарасындағы Рас-аль-Айн қаласында қолға түсіріп, оларды Ресейге аттандырды. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Түркия мен Ресей арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес барлық күрд жасақтары 29 қазан күні кешке дейін әскери операция аумағынан шығыс пен батысқа қарай Сирия аумағынан шығарылуы тиіс болатын.
29 қазан күні  Рас-аль-Айннің оңтүстік-шығысында іздеу-барлау жұмыстары кезінде тұтқынға түскен 18 күдікті содырлар Ресей Федерациясының өкілдерімен келісу нәтижесінде Ресей тарапына жіберілді, - деп мәлімдеді Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі.
Айта кетейік, 22 қазанда Түркия президенті Режеп Ердоған Сочиге барып, Ресей мемлекетінің басшысы Владимир Путинмен Сирия солтүстігіндегі әскери операция жөнінде келіссөз жүргізген болатын.
Өзгелердің жаңалығы