Түркістандық полицейлер бағдаршаммен ойнаған жасөспірімдерді анықтады

1 Тамыз 2023, 08:55
435
Бөлісу:
Түркістандық полицейлер бағдаршаммен ойнаған жасөспірімдерді анықтады
Фото: Архив BAQ.KZ

Полицейлер қызық үшін жол қозғалысын бақылайтын бағдаршаммен ойнаған жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәртіп сақшылары белгісіз жас жігіттердің жол қозғалысын бақылайтын бағдаршамның арнайы құрылғысын ашып, ток жалғанған түймесін басып, электр сымдарымен ойнаған сәті түскен бейнежазбаны анықтады.

Мұны жасаған Созақ ауданының кәмелет жасына толмаған 3 тұрғыны болып шықты. Жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Олар бұл теріс әрекеттерін қызық көру мақсатында жасағандарын мойындап, алдағы уақытта қайталамайтындарын жеткізді.

Ата-аналарына ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы