Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұстады

4 Ақпан 2023, 13:41
1049
Бөлісу:
Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұстады
Фото: ПД

 ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды, - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

 Аталған фактіге қатысты жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.

Өзгелердің жаңалығы