Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты

26 Қаңтар 2023, 15:00
922
Бөлісу:
Түркістандық оқушы қымыз құятын робот ойлап тапты

Түркістан облысы Төле би ауданында 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек қымыз құятын робот жасап шығарды. Робот Асылбек деп аталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кез келген адам роботқа арнайы пластикалық картаны жақындату арқылы Асылбекті сөйлете алады. 

Содан кейін робот қымыздың шипалы қасиеті туралы қысқаша мағлұмат береді әрі ыдысқа пайдалы сусын құяды. 

Ұлттық сусынымызды насихаттайтын болғандықтан, Асылбектің ұлттық киімде болғаны дұрыс деп шештік, – дейді Жансұлтан. 

Оқушыға роботты жасап шығуға информатика пәнінің мұғалімі көмектескен.

Өзгелердің жаңалығы