Түркістандық түлектер бір жанұяға баспана сатып алып берді

16 Мамыр 2021, 13:30
2019
Бөлісу:
Түркістандық түлектер бір жанұяға баспана сатып алып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бекзат» мөлтек ауданында мектепті 2000 жылы бітірген түлектер сыныптастарына баспана салып берді. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

 4 бөлмелі жаңа үй Жарқынбек Сабыровтың өзі тұрып жатқан шаңырағының ауласынан тұрғызылған. 

Қоныс тойын тойлаған азамат 4 перзенттің әкесі. Ата-анасымен бірге тұрады. Денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз. Қаржы тапшылығы қолбайлау болып, біраздан бері тозығы жеткен үйді паналауға мәжбүр болған. 

Түркістандық түлектер бір жанұяға баспана сатып алып берді

Құрдасымыздың үйі ескірген. Білуімізше, өзінің күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, 1983 жылы туған азаматтар өзіміз ақылдаса келе көмек қолын созуды жөн көрдік. Құрылыс жұмыстары 1 жылға созылды. Алла сәтін салып, барлығы жаспарлағанымыздай жүзеге асырылды,-деді ұйымдастырушылардың бірі Ізбасар Есекеев.

Үй иесінің қайырымдылық іс жасаған құрдастарына айтар алғысы көп. Оның сөзінше, қатарластарынан мұндай қадам күтпеген. Аула қоршауының жаңартылғанына да дән риза.

Айта кетейік, мұндай игі іске 1982 жылы туған азаматтар бастамашы болған. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы тұрмысы төмен сыныптастарына үй салып берген. Ізгі амалды жалғаған 20 жылдық түлектері келесі жылы қайырымдылық акциясын 1984 жылы туған азаматтарға жолдады.

Өзгелердің жаңалығы