Түркістанда жұмысшысының атына онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды

26 Тамыз 2023, 01:14
938
Бөлісу:
Түркістанда жұмысшысының атына онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды
Фото: Нұркен Алишев

Түркістанда жұмысшысының атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдегенін айтқан.

Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде оны тәулік ішінде анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Ол жәбірленушінің сауда дүкеніңдегі иесі, жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған. Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратып жіберген, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы