Түркістанда жедел жәрдем бригадасы қар құрсауынан құтқарылды

26 Ақпан 2024, 19:10
355
Бөлісу:
Түркістанда жедел жәрдем бригадасы қар құрсауынан құтқарылды
VIDEO
Фото: скриншот

Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 ақпан сағат 22.15-те Түркістан облысының ТЖД бөліміне хабарлама келіп түсті. 

Онда Түлкібас ауданы, Машат ауылдық округінде Мыңбай ауылы арасындағы жолда қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігін құтқару қажет екені хабарланды.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткеннен кейін жедел жәрдем көлігі қар құрсауынан тазартылған аумаққа сүйретіліп, жедел жәрдем қызметкерлері вахтовка техникасымен, шақырту орнына жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы