Түркістанда 30 шақырымға жуық 4 жолақты жол салынады

29 Қазан 2021, 17:55
93507
Бөлісу:
Түркістанда 30 шақырымға жуық 4 жолақты жол салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай хабарлады. 

Оның айтуынша, кешенді бағалау үшін жобаларға сараптама жүргізіліп отырады.

Сондай-ақ барынша жоғары әлеуметтік немесе экономикалық нәтиже алу үшін іске асыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Биыл 9 ай ішінде орталық құны 3,2 трлн теңге болатын 34 жобаны қарады. Мәселен, ағымдағы жылы жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жобалар бойынша мәлімделген жалпы сома 3,2 трлн теңгеден 738 млрд теңгеге дейін азайтылды. Осылайша, бюджетке түсетін жүктеме 76%-ға дейін төмендетілді, - деді Ержан Сәрсенбай.

Нақтылап тоқталар болсақ, 2018 жылы - 98 жоба, 2019 жылы – 151 жоба, 2020 жылы 77 жоба қаралған.

«Түркістан қаласы шығыс айналма жолының құрылысы» бюджеттік инвестициялық жобасының мақсатына тоқталғым келіп отыр. Автожол құрылысының негізгі мақсаты Түркістан қаласынан тысқары жатқан транзиттік ағымдар көмегімен қалаға тоқтамай-ақ, транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы ұзындығы 29,6 шақырымды құрайтын 4 жолақты қозғалысты автожол салынады деп жоспарлануда, - деп атап өтті басқарма төрағасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қолданыстағы айналмалы автокөлік жолы жобасын іске асыру экономикалық тұрғыдан тиімді екендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы