Айналмалы автожол жобасын іске асыру – экономикалық тұрғыдан тиімді

29 Қазан 2021, 17:35
34944
Бөлісу:
Айналмалы автожол жобасын іске асыру – экономикалық тұрғыдан тиімді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай хабарлады.

Оның айтуынша, жоба шеңберінде бірнеше бағыттар қамтылған.

МЖӘ тетіктерін пайдалану Қазақстанда кеңінен таралуда және экономиканың барлық салаларында жүзеге асырылады. Осы уақыт ішінде мемлекет пен бизнестің үйлесім табуы көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды. Оның маңызды функцияларының бірі бюджеттік инвестициялар мен жобаларға сараптама жүргізу болып табылады, - деп атап өтті басқарма төрағасы.

Сондай-ақ ол жобаларды іске асыру экономикалық тұрғыдан тиімді деп отыр.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында қолданыстағы айналмалы автокөлік жолы жобасын іске асыру орташа жылдамдықты 60 шақырым/сағаттан 110 шақырым/сағатқа дейін ұлғайту есебінен жолға кететін уақытты қысқарту, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, ЖКО азаюына байланысты экономикалық пайдаға алып келеді, - дейді Ержан Сәрсенбай.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл елімізде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы