Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетелдік ұсталды

23 Мамыр 2022, 11:53
1465
Бөлісу:
Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетелдік ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер кеурек дәрілік шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетелдікті анықтады, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. Сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуде күнделікті жұмыстар жүргізуде. 

Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетелдік ұсталды

Мәселен, Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «кеурек» (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 Өзбекстан азаматын анықтады. 

Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетелдік ұсталды

Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген жерлерінен ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетелдік ұсталды

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тек орын алған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескерту жасалды. Түркістан облысының полицейлері бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы