Түркістанда теннистен республика чемпионаты басталды

4 Сәуір 2023, 10:05
1694
Бөлісу:
Түркістанда теннистен республика чемпионаты басталды
Фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында үлкен теннистен республика чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Теннис орталығында өтіп жатқан бәсекеге еліміздің 13 өңірінен келген теннисшілер бақ сынайды. Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қарағанды, Түркістан облыстарының атынан қатысатын 14 команда өзара сынға түсіп, жеңімпаздарды анықтайды.

6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықты қамтитын жарыста спортшылар қызыл, қызғылт сары және жасыл доп түрлерінен бәсекеге түседі. Спорттық бәсеке 8 сәуірге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы