Түркістанда қант бағасы арзандаған

12 Тамыз 2022, 14:25
1346
Бөлісу:
Түркістанда қант бағасы арзандаған
PHOTO

Ірі сауда орындары мен базарлардағы әлеуметтік азық-түлік өнімдері біршама төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы «AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық филиалының жанынан құрылған арнайы жұмысшы топтың жүргізген мониторингі барысында анықталды. Облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева, партияның Түркістан қаласы филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған жұмысшы топ шаһардағы «Алтын Бұлақ» базарындағы азық-түлік сататын нүктелерді аралады.

Түркістанда қант бағасы арзандаған

Мәселен, осыдан екі апта бұрын 635-750 теңге аралығында саудаланған қанттың бағасы қазір 540-550 теңге. Көкөніс бағасына айтарлықтай өзгеріс енбеген. Жұмысшы топ жүргізген сараптамаға сәйкес картоп 150-200 теңге аралығында болса, сәбіз 180-200 теңге көлемінде саудалануда. Ал пияз бағасы 120-150 теңге аралығында. Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөрееваның айтуынша алдағы апталарда жеке дүкендерді де аралау жоспарлануып отыр.

Түркістанда қант бағасы арзандаған

Біздің өңірдің ірі сауда нүктелерінде саудаланып жатқан көкөністердің көбі еліміздің солтүстік аймағынан жеткізілген өнімдер. Сондықтан тауардың әдеттегіден 20-30 теңгеге қымбатырақ сатылуы заңды құбылыс. Көріп тұрғанымыздай, сауда нүктелерінің алдында тұтынушылардың ұзын-сонар кезегі жоқ. Базар саудагерлері де халықтың жағдайына қарасып, тауар бағасына көптеп қосуды доғарған секілді, - дейді Қ.Жантөреқызы.

Түркістанда қант бағасы арзандаған

Базар бағасы қарапайым халықтың қалтасына қолайлы күйде тұр. Әсіресе көкөністің бағасы бір айдан бері тұрақты. Тіпті қан бағасы төмендеген. Сөрелерде тауарлар көбейіп, базардағы бәсеке де күшейген секілді. Бұл, әрине, тауар бағасының төмендеуіне тікелей әсер етеді,- дейді Түркістан қаласының тұрғыны С.Жақсылықова.

Түркістанда қант бағасы арзандаған

Түркістан облысы аумағында халық жиі тұтынатын өнімдердің бағасына бақылау жүргізу мақсатында 130 адамнан жасақталған 18 жұмысшы топ құрылған болатын. Өткен айдан бері өңірдегі 88 ірі сауда орындарына мониторинг жүргізіліп келеді. Жұмысшы топ тарапынан әлеуметтік азық-түліктердің бағасын негізсіз көтермеу туралы кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы