Түркістанда мазаратты мазақ еткен 11 жастағы бала болып шықты

2 Тамыз 2023, 20:29
722
Бөлісу:
Түркістанда мазаратты мазақ еткен 11 жастағы бала болып шықты
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында 11 жастағы бала мазараттағы адамдардың суреттерін сызып, бояп тастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, баланың әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.

Түркістан облысының тұрғыны өз бейнежазбасында мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды. Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, мазараттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы