«Ұлы Дала кемеңгері – Елбасы және Түркістан» көрмесі ашылды

2 Шілде 2019, 16:45
1996
Бөлісу:
«Ұлы Дала кемеңгері – Елбасы және Түркістан» көрмесі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы Дала кемеңгері – Елбасы және Түркістан» атты көрме ашылды. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік қызметке келгеніне 30 жыл толу мерейтойына арналған кезекті «Ұлы Дала кемеңгері – Елбасы және Түркістан» тақырыбындағы көрменің мақсаты Елбасымыздың елі үшін атқарған қызметі мен рөлін, өз қаламынан шыққан кітаптарын, ой-толғамын насихаттау, кең байтақ жеріміз бен мәдениетімізді төрткүл дүниеге танытудағы ерен істерін өскелең ұрпаққа жеткізу болып табылады.

IMG-20190702-WA0216.jpg

Шараға Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала қонақтары, музей қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Түркістандағы тарихи кездесулерінің маңыздылығын жастарға көрсетуді мақсат тұтқан көрмеге қорық-музей қорынан 50-ден аса жәдігер қойылды. 

IMG-20190702-WA0203.jpg

Жиында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Бақытжан Нұрханов құнды жәдігерлердің маңызы мен тәрбиелік мәніне тоқталып, көрменің ашылуымен құттықтады. 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жыл сайын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еліміз үшін атқарған орасан зор қызметі мен өнегелі ғұмырына арнап көрме өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.  Бүгінгі күнге дейін «Елі сүйген Елбасы», «Елбасы өнегесі», «Елбасы тағылымы», «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында көрмелер өткізілді. Елбасымыздың әрбір сапары мен Түркістанға қатысты ой толғамдары тарих алдында құнды мұралардың бірі болып табылады» - деді «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Бақытжан Нұрханов.

IMG-20190702-WA0213.jpg

Шараға қатысушы қонақтар да Елбасы және Түркістан жайлы естелік пікірлерімен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы