Түркістанда «Қалтадағы ХҚО» акциясы өтті

2 Тамыз 2019, 18:11
2284
Бөлісу:
Түркістанда «Қалтадағы ХҚО» акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал қызметкерлері «Қалтадағы ХҚО» акциясын өткізді. 

Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ауес» сауда үйі және бір қатар адам көп шоғырланатын орындарда орын алған акция барысында корпорация қызметкерлері тұрғындарға порталдағы төлем түрлерін, Телеграмм жүйесіндегі EgovKzBot бағыты бойынша және Mgov қосымшалары арқылы, бір реттік жасырын сөздер, электронды цифрлы қолтаңбалар арқылы қызмет түрлерін алуды үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты. 

«Қазіргі таңда Республикамызда 742 мемлекеттік қызмет түрі бар болса, соның 531 электронды үкімет порталы арқылы өтеді. Осы себепті халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында корпорация тарапынан осындай акция, оқыту семинарларын көптеп өткізудеміз. Соның арқасында өңірімізде электронды түрде қызмет алушылар саны артты. Бізді қуантатыны акцияға қызыға қатысушылар саны 200-300-ге жуықтаса, солардың 50-60% қызметтерді өздері электронды түрде пайдаланушылар қатарынан болды. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамтитын болады»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз тілшісі Амантай Егембердиев. 

Жыл басынан бері мобильді азаматтар базасында 376242-нан астам түркістандық тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы