Түркістанда әйел 12 метрлік құдыққа түсіп кетті

Тереңдігі шамамен 12 метр болатын құдық суға толы болған

 pixabay.com 9 Мамыр 2026, 16:45
9 Мамыр 2026, 16:45
1342
Фото: pixabay.com

Түркістан қаласындағы Юсупов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында 1976 жылы туған әйел белгісіз жағдайда суы бар терең құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құдықтың тереңдігі шамамен 12 метр болған.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен әйелді құдықтан шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Наверх