Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

15 Сәуір 2022, 09:31
2319
Бөлісу:
Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

14-15 сәуір күндері Түркістан қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бес жылдығына орайластырылған Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтетіні хабарланған. Бүгін Түркістанда осы маңызды іс-шаралар басталды. Алдымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мәдени күндердің маңыздылығына тоқталған болатын.

Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

Шежірелі Түркістан шаһарының тарихына қарасақ, XVII ғасырда бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғаны мәлім. Қасиетті Рамазан айында қазақтың ежелгі астанасы Түркістан жеріне табанымыздың тигеніне көңілімізді қуаныш кернейді. Мағжан ақын жырлаған «Ер Түріктің бесігі Түркістанға – алтын бесік Ақтөбеден» келіп жеткен керуеннің мақсаты үлкен. Екі өңірдің арасында бұрыннан бар рухани-мәдени алтын көпірді нығайту, аймақаралық қарым-қатынасты ұдайы дамытып отыру, — деген ол эноауылда бастау алған іс-шарада да құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен бірге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов та сөз сөйлеп, арнайы келіп, Түркістанға құрмет көрсеткен ақтөбелік ағайынға ризашылығын білдірді.

Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

Ақтөбе облысының күндері аясында Түркістан тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе өңірінің ерекшеліктерімен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алып, бірқатар мәдени және ойын-сауық іс-шараларын тамашалай алады.

Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

14 сәуірде этноауыл аумағында қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының этнографиялық коллекциясының көрмесі, театрландырылған көрініс, дәстүрлі орындаушылардың концерттік бағдарламалары өтті.

Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

Ал кешке «Керуен сарай» туристік кешенінде ақтөбелік әншілердің «Алтын аймақ — Ақтөбе» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Түркістан музыкалық драма театрында Ғ.Жұбанова атындағы филармония ұжымы әзірлеген И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық спектаклі, қазақ тарихындағы ең жарқын кезең — Алтын Орданың 750 жылдығы аясында сахналанған өр рухты батырдың ерлігін дәріптейтін тұңғыш қойылым — «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы сахналанады.

Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 15 сәуір күні экобазарда өтеді. Ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары түркістандықтарға ет-сүт өнімдерін, көкөністер, кондитерлік өнімдер және т.б. ұсынады.

Сондай-ақ бұл күні Farab кітапханасында әр түрлі көрмелер өтіп, ақтөбелік ақындар мен жазушылар оқырмандармен кездеседі, сонымен қатар, облыстық планетарийдің сандық толық күмбезді бағдарламасы ұйымдастырылады. «Алақай» қуыршақ театры «Жадыра, жайна достар» қойылымын көрсетеді.

Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр

Ал «Конгресс-холл» кешенінде Ақтөбе облысының өнер майталмандары мен шығармашылық ұжымдарының «Сәлем, Түркістан!» атты гала-концерті өтеді.

Өзгелердің жаңалығы