Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ана мен бала орталығы салынатынын айтты.
Түркістан қаласында Симуляциялық орталық салынады. Бұл орталықта дәрігерлер біліктілікті арттырудан, нақты клиникалық жағдайларда практикалық дағдыларды пысықтаудан өтеді. Жоғары медициналық технологияларды оқыту әртүрлі модельдерде, тренажерларда және виртуалды симуляторларда жүргізу жоспарланып отыр, бұл медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінің процестерін, жағдайларын және өзге де аспектілерін дұрыс модельдеуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Оның сөзінше, Түркістан қаласында бір ауысымда 300 адам қабылдайтын стоматологиялық емхана салынады. Қалада халыққа білікті амбулаториялық стоматологиялық көмек көрсететін стоматологиялық емхана жоқ. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Сондай-ақ Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған жедел медициналық жәрдем станциясы салынады. Бүгінгі таңда Жедел медициналық жәрдем станциясы типтік емес, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, H.H. Sheikh Mohamed Bin Zayed Al Nahyan қоры ана мен бала орталығын салуды көздеп отыр, - деп атап өтті Алексей Цой.