Түркістанда әкесін аяусыз ұрған Садақбаевтың жазасы ұлғайтылды

Түркістанда әкесін қатыгездікпен ұрып-соққан азаматқа қатысты үкім қайта қаралды. Апелляциялық сот жазаға өзгеріс енгізіп, мерзімін ұлғайтты.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 16:15
Бүгiн 2026, 16:15
341
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азаматқа қатысты үкім қайта қаралып, жаза мерзімі ұлғайтылды. Апелляциялық саты істі жан-жақты зерделеп, жаза тым жеңіл тағайындалған деген қорытындыға келген.

Іс апелляцияда қаралды

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Алмас Садақбаевқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкіміне прокуратура енгізген апелляциялық өтінішхат қаралды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 16 қаңтарда шығарылған үкіммен Алмас Садақбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1) тармағы және 107-бабы 2-бөлігі 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Қылмыстың ауырлығы ескерілді

Апелляциялық сот алқасы істі қайта қарап, сотталғанның әрекеттері қоғам үшін аса қауіпті екенін атап өтті.

Сот материалдарына сәйкес, Садақбаев дәрменсіз күйдегі жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы қинап, ұрып-соғып, тән және психикалық азап келтірген. Сонымен қатар, ол өзінің туған әкесіне қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын салған.

Сот алқасы бұл әрекеттердің ерекше қатыгездікпен, арсыздықпен жасалғанын және жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабарламай, оны жерлеу әрекетін жасағанын ауырлататын мән-жай ретінде бағалады.

Жаза мерзімі ұлғайтылды

2026 жылғы 31 наурыздағы қаулымен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгертіліп, Садақбаевқа тағайындалған жаза 6 жылға дейін ұлғайтылды.

Прокурордың апелляциялық өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды.

Сот қаулысы 2026 жылғы 31 наурызда заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қамауға алынғанын хабарладық. Сондай-ақ, ер адамның өз әкесіне деген қатыгездік көрсетуіне психологиялық тұрғыдан не себеп болуы.

Прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 15 қаңтарда болған сот отырысында Алмас Садақбаев сотта жылап, халықтан кешірім сұрады

Ол қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Наверх