Түркістанда 5 адамды алдап, 1,5 млн теңге шығын келтірген тұрғын ұсталды

8 Маусым 2023, 08:15
579
Бөлісу:
Түркістанда 5 адамды алдап, 1,5 млн теңге шығын келтірген тұрғын ұсталды
Фото: архив

Түркістан облысында жұмысқа орналастырып беремін деп 5 тұрғынды алдап соққан азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайрам аудандық полиция басқармасына арызданған ауыл тұрғындарының айтуынша, таныс ер адам вахталық әдіспен жасайтын жұмысқа орналастырып беремін деп уәде беріп, әрқайсысынан 300 000 теңгеге жуық қаражат алған.

Жәбірленушілерге жалпы 1,5 миллион теңге шығын келтіріп, соңында хабарсыз кеткен. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жүргізілген жедел іздестіру нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Ол Сайрам ауданының жұмыссыз, бұрын сотты болған тұрғыны болып шықты. Күдікті тұрғындардың ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы