Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады

13 Наурыз 2023, 13:47
872
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегін анықтап, қызметіне тосқауыл қойды. 

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер арнайы операция нәтижесінде сотты болғанына қарамастан, қайта қылмыс жасап, заңсыз ойын бизнесін, яғни “электронды казино” ұйымдастырған Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын анықтады. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам табыс түскен. 

Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. 

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге адамдардың кінәсі анықталады.

 Оқиғаның толық мән-жайы тексерілііп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы