Түркістан облысындағы құрғақ шөп пен бұталар өрті сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 13 шілде күні сағат 01:30-да Түркістан облысы ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасына «Сайрам-Өгем» МҰТП-нің Өгем филиалына қарасты Келес орманшылығында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Тез арада жедел штаб құрылды, оның құрамына орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері кірді.
Жедел қабылданған шаралар мен жұмылдырылған күштер мен құралдарды ескере отырып, құрғақ шөп пен бұталар өрті сағат 05.50-де оқшауланып, сағат 08.00-де сөндірілді. Алдын ала ауданы 2 гектарды құрайды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 48 адам мен 8 бірлік техника, Түркістан облысы ТЖД 45 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.