Түркістан облысында жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған 4 шенеунік қызметінен босатылды

Мемлекеттік органдардың қызметкерлері құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан шығарылды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 19:44
Бүгiн 2026, 19:44
187
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді сақтауына талдау жүргізді. 

Талдау нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды.

Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, - деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін лудоманиямен күрес күшейгені, 55 мың казино жабылып, 463 мың адам өзіне шектеу қойғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

БҚО-да алимент төлемей жүрген әкелердің құмар ойынға миллиондап ақша тіккені анықталды

Заңсыз табыс: Астана тұрғыны TikTok пен YouTube-та құмар ойындар ұйымдастырған

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған қызметкер лауазымынан айырылды

Наверх