"Түркістан облысында тоқ ұрып, үш бала қайтыс болды": Министрлік ресми мәлімдеме жасады

15 Наурыз 2024, 19:48
812
Бөлісу:
"Түркістан облысында тоқ ұрып, үш бала қайтыс болды": Министрлік ресми мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желілерде тоқ ұрып, үш баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірқатар Бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығышнан тоқ ұрып, үш баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат таратылды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ, - делінген хабарламада.

Комитет дүрбелең мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ресми ақпарат көздерін ұстанып, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы