Түркістан облысында Қарттар күніне орай үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызілікті қарттарға әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аудан және қала мәслихаттарының шешімдеріне сәйкес, жергілікті бюджеттен әрбір қарт адамға 5 АЕК, яғни 21 625 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек қарастырылған, - деп жауап берші облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі тілшіміздің сауалына.
Бұл қолдауды облыстағы 1253 жалғызілікті қарт алады.
Қарттар күніне орай көрсетілетін бұл әлеуметтік көмек жалғызілікті қарттарды қолдауға бағытталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық қариялар да шамамен 10 мың теңгеден бірреттік төлем алатынын жаздық.
Тағы оқи отырыңыз:
Қарттар күні: Астанада зейнеткерлер арасында би фестивалі өтті
Шипажайға тегін жолдама: Қай өңірде қандай жеңілдік бар?
Шетелге көшіп кеткендерге зейнетақы төлене ме? Конституциялық Сот шешімін айтты