Астанада зейнеткерлер арасында би фестивалі өтті

Олар ұлттық, классикалық және заманауи билермен қатар, әлем халықтарының билерін орындады.

20 Қыркүйек 2026, 23:26
АВТОР
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 20 Қыркүйек 2026, 23:26
20 Қыркүйек 2026, 23:26
105
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Астанада Қарттар күні қарсаңында зейнеткерлер арасында «Әсем қимыл – әдемі ғұмыр» би фестивалі өтті.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырған шараға елорданың алты ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің зейнеткерлері қатысты. Олар ұлттық, классикалық және заманауи билермен қатар, әлем халықтарының билерін орындады.

Байқау қорытындысында Сарайшық ауданының «Сымбат» би тобы бірінші орын алды. Екінші орын Есіл ауданының «Ханшайым» тобына, үшінші орын Сарыарқа ауданының «Сарыарқа» тобына бұйырды. Өзге ұжымдар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Фестиваль аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қолдауға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және әлеуметтік байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Қазір Қазақстанда 132 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Оның алтауы Астанада орналасқан.

Наверх