Түркістан облысында полиция полковнигі ұсталды

7 Ақпан 2023, 16:21
1399
Бөлісу:
Түркістан облысында полиция полковнигі ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деп күдікке ілініп отыр, - делінген Антикордың хабарламасында.

Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны «үйқамақ» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Кінәсін толық мойындауына және залалды өтеуіне байланысты, лауазымды тұлғаға қатысты сот санкциясымен үйқамақ қолданылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы