Түркістан облысында өзеннен үш жасар баланың мәйіті табылды

6 Наурыз 2023, 13:47
887
Бөлісу:
Түркістан облысында өзеннен үш жасар баланың мәйіті табылды
Фото: Otyrar

Түркістан облысы Боралдай ауылдық округында үш жасар баланың мәйіті өзеннен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar сайтына сілтеме жасап. 

Алдына ала мәлімет бойынша 2020 жылы туған бала 4 наурызда шомылуға арналмаған орында суға түсіп кеткен. 

4 наурызда 18:00-де Түркістан облысы ТЖД "112" пултіне Боралдай ауылдық округы Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары судан 2020 жылы туған баланың мәйітін шығарғаны туралы ақпарат келіп түсті, – делінген хабарламада. 

ТЖД өзеннің тұрғын үйге жақын екенін мәлімдеді. 

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері, полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілді, – деп қосты ведомство өкілдері. 

Өзгелердің жаңалығы