Түркістан облысында нөсер жаңбырдан кейін 150 адам тұрғындардың ауласын тазартуда

Қазығұртта нөсер жаңбырдан зардап шеккен аумақтар тазартылуда.

 gov.kz 5 Қазан 2026, 14:00
5 Қазан 2026, 14:00
195
Фото: gov.kz

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 3 қазанда болған нөсер жаңбырдың салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Су мен балшық тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерді басып қалды. Қазір оқиға орнында 150-ден астам адам жұмыс істеп жатыр.

Әкімдіктің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 11 тұрғын үйдің ауласы мен іргелес көшелерді балшықтан тазартуда. Жұмыстарға 9 арнайы техника жұмылдырылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданына барып, су басқан аумақтарды көріп шықты және тұрғындармен тілдесті.

Билік өкілдері қаза тапқандар мен тұрғын үйлердің қирағаны тіркелмегенін хабарлады. 

Қазіргі таңда жұмыстарға 9 арнайы техника және 150-ден астам адам тартылған. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерін тазалау жұмыстарын жүргізуде. Қазығұрт ауданындағы жағдай тұрақты. Адам шығыны мен тұрғын үйлердің қирауы тіркелген жоқ, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сел жүрдіп, ауылдарды су басқаны хабарланды. 

 

Наверх