Түркістан облысында сел жүрді: Ауылдарды су басты

Қатты жауыннан кейін Қазығұрт ауданындағы бірнеше елді мекенде сел жүрді. Құтқарушылар жүздеген адамды жұмылдырып, су басқан аумақтарда жұмыс жүргізді.

2 Қазан 2026, 18:07
АВТОР
 видеодан алынған кадр 2 Қазан 2026, 18:07
2 Қазан 2026, 18:07
128
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында нөсер жауыннан кейін бірнеше елді мекенде сел жүрді. Табиғи құбылыстан ең көп зардап шеккендердің бірі – Ақбастау ауылы. Мұнда су көшелерге жайылып, кейбір тұрғын үйлердің жертөлелеріне кірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Оқиға 1 қазанда болған. Тау бөктеріндегі аумақтардан жиналған жаңбыр суы төмен қарай ағып, Қосағаш, Қызылсеңгір және Тұрбат ауылдарына да жеткен. Әлеуметтік желілерде елді мекендердегі су жайылған көшелер мен жолдардың кадрлары тарады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны мен тұрғын үйлердің қирауы тіркелмеген. Су басқан аумақтарда тұрғындарға көмек көрсетіліп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

200-ден астам адам жұмылдырылды

Сел салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тартылған. Алғашқы кезеңде оқиға орнына 64 адам мен 9 арнайы техника жіберілген. Кейін жұмыстарға тартылған күш пен техника саны ұлғайтылып, 200-ден астам адам және 12 арнайы техника жұмыс істегені хабарланды. 

Мамандар су сорып, көшелер мен аулаларды лай-батпақтан тазалап жатыр. «Түркістан» телеарнасының мәліметінше, жүргізілген жұмыстар барысында 200 текше метр су сорылған. 

Қазығұрт ауданы әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тұрғындарға сел қаупі бар аумақтарға жақындамау және жауапты қызметтердің нұсқауларын орындау ескертілді. 

Айта кетейік, «Қазгидрометтің» 2 қазанға арналған болжамында Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр мен найзағай күтілетіні көрсетілген. Қазығұрт бойынша түнгі уақытта таулы аудандарда жауын-шашын болжанған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх