Түркістан облысында ер адам танысының атына несие рәсімдеп алған

22 Қазан 2022, 11:47
907
Бөлісу:
Түркістан облысында ер адам танысының атына несие рәсімдеп алған

Түркістан облысында ер адам танысын алдап, оның банк қосымшасынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы оның атына бір миллион теңге несие рәсімдеп жіберген. 

Жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан осы жағдайдың толық мән-жайын анықтауға көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт  ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы