Түркістан облысында 8 мыңнан астам адам электронды жүйемен жұмысқа орналасты

31 Қаңтар 2021, 06:38
1862
Бөлісу:
Түркістан облысында 8 мыңнан астам адам электронды жүйемен жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім мекемелерінде жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған jumys.snation.kz жүйесі енгізілген. Екі жыл бұрын іске қосылған портал қарқынды жұмыс істеп келеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған жүйе арқылы жұмыс іздеуші конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді веб-сайт арқылы жолдап, ашық конкурстық іріктеуден өтеді.

Адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, осыған дейін педагогикалық қызметке кандидаттар, жоғары оқу орындарының түлектері, техникалық кіші қызметкерлер бос жұмыс орындарын іздеп, барлық білім ұйымдарын аралауға мәжбүр болған. Ал, осы жүйе еңгізілгеннен кейін веб-портал арқылы бос жұмыс орындарын оңай тауып, онлайн-өтінішті үйде отырып-ақ жолдайтын жағдайға қол жеткізген.

Сондай-ақ, конкурстық негізде іріктеуден өтеді. Тестілеуден өту кезінде кандидатқа 60 сұрақ ұсынылады. Дипломда көрсетілген пәні бойынша 40 сұрақ, педагогика негіздерінен 10 сұрақ және әдістемеден 10 сұрақ. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей жалпы 70%-ды құрайды.

Түркістан облысының барлық мектептері мен балабақшалары осы жүйеге жаппай қосылған.

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша 26 мыңнан астам бос жұмыс орындары жарияланып, 8154 адам жұмысқа орналасты. Оның 2705-і педагогтар, 613-і атқарушы персонал (психологтар, кітапханашылар, оқу-ісі орынбасарлары, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып орынбасарлары, инновация жөніндегі орынбасары, басқа бағыттағы директордың орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, тәлімгерлер) құраса, 4734-і техникалық қызметкерлер, 102-тәрбиеші, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы