Түркістан облысында 63 мыңнан аса адам «Pfizer» вакцинасын салдырды

29 Желтоқсан 2021, 21:55
1383
Бөлісу:
Түркістан облысында 63 мыңнан аса адам «Pfizer» вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.

Түркістан облысында соңғы тәулікте COVID-19 індетімен ауырған 2 науқас тіркелген.

Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы облыста пандемия басталғалы КВИ-дің 15764 жағдайы тіркелді. Оның 7750-ы симптомсыз өткен. Қазір инфекциялық стационарларда 216 орын бар. Оның 142-і бос тұр.

Өңірде жалпы 1 040 032 адам өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Екінші компонентпен 1 025 477 адам вакцина салдырды. 

«COVID-19»-ға қарсы вакцинациялау 150 екпе салдыру пункттерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер саны бойынша республикада 2-орында тұр. Облыста «Pfizer» вакцинасын 63 мыңнан аса адам салдырды, ал 33 мыңнан аса адам ревакцинация алды.

Өзгелердің жаңалығы