Түркістан облысында 24,6 млрд теңгеге тау шаңғы курорты салынады

6 Желтоқсан 2020, 09:37
1838
Бөлісу:
Түркістан облысында 24,6 млрд теңгеге тау шаңғы курорты салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында «Қасқасу» тау шаңғы курортының құрылысын жүргізу  қайта қолға алынбақ. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Ауқымды жобаны жүзеге асыру шаралары 6 жылдан бері талқыланып келеді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталмақ. Төле би ауданындағы тау бөктеріне салынатын курорттық демалыс аймағының негізгі бастамашысы – әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация. Алдағы уақытта мұндағы тау етегінде шаңғы жолы, қонақүй сияқты демалысқа арналған барлық қажетті нысанмен толығатын болады. Курорттық аймақ алаңының көлемі 280 гектарды қамтиды. 

Қаржының жартысын инвестор құюға ниетті, - дейді осы жобаға жауаптылар.

Жоба құны 24 млрд теңгеден асып жығылады.

Мемлекет тарапынан тартылған инвестиция инфрақұрылым жүйелерін де қамтиды. Бұл – көгілдір отын, электр қуаты, жол салу т.б. жұмыстар. Ал инвестор өз тарапынан мұнда коттедждер тұрғызады. Құз қияларды ретке келтіреді, тегістейді. Яғни демалушыларға, туристерге толық жағдай жасайды,- дейді Сәкен Қалқаманов, облыс әкімінің орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы