Түркістан облысында 2 жасар бала дәретханаға құлап, қайтыс болды

Түркістан облысында кішкентай бала даладағы дәретханаға құлап, көз жұмды.

24 Шілде 2026, 15:30
АВТОР
 pexels.com 24 Шілде 2026, 15:30
24 Шілде 2026, 15:30
128
Фото: pexels.com

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала қаза тапты. Оқиға 22 шілдеде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

Оқиға қалай болды?

Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалып, тереңдігі 2,5 метрлік даладағы дәретханаға құлап кеткен.

«Түркістан облысы Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы ауылында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған. Сол сәтте абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел медициналық жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды», - деп хабарлады Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

1 ай бұрын бір жасар бала құтқарылды

Бұған дейін де Түркістан облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кеткен. Сол кезде Түркістан облысының Темірлан ауылында құтқарушылар даладағы дәретханаға құлап кеткен кішкентай балаға көмекке барды.

Белгілі болғандай, 2025 жылы туған бала жеке үйдің аумағындағы даладағы дәретханаға құлап, шыға алмаған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жетті. Құтқарушылар баланы мұқият шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Тағы оқи отырыңыздар:

Түркістан облысында 3 жасар бала дәретханаға түсіп кеткен

Дәретханаға бару үшін партаның үстінен секірген: Талғарда сот оқушыны ақтады

Астанада "біртүрлі" дәретхана пайда болды

 

Наверх