Түркістан облысында 10 мыңға жуық азамат коронавирусқа қарсы екпе қабылдады

18 Наурыз 2021, 05:40
1502
Бөлісу:
Түркістан облысында 10 мыңға жуық азамат коронавирусқа қарсы екпе қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 3 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» екпесі негізінде дайындалған екпені егу жұмыстары басталған. 1-компоненттік 8 600 доза – медицина, білім саласы, полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай және қорғаныс саласы мен мемлекеттік қызметкерлерге егілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ал наурыздың 25-інен бастап 8 600 дозаның 2-компонентін қабылдау басталады. Жалпы облыста екпе қабылдағандар саны қазіргі таңда 9 900 адамға жетіп отыр. Вакцинаның жеткізілуіне қарай алдағы уақытта халықтың осал топтарына ерікті түрде егіледі деп жоспарлануда. COVID-19 инфекциясына қарсы егу жұмыстары қала, аудан орталықтары мен елді мекендердегі емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіліп жатыр.

Айта кетерлігі, ақпан айында Түркістан өңіріне Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының 1 300 данасы жеткізілген. Екі компонентті екпені алдымен медицина қызметкерлері қабылдады.

 


Өзгелердің жаңалығы