Түркістан облысына жанармай жөнелту шараларын қабылдау тапсырылды

11 Желтоқсан 2021, 17:42
1006
Бөлісу:
Түркістан облысына жанармай жөнелту шараларын қабылдау тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі Түркістан облысы әкімдігі өкілдерінің, Шымкент МӨЗ және жанар-жағармай құю станциялары желілері (ЖҚС) өкілдерінің қатысуымен Түркістан облысына мұнай өнімдерін жөнелту мәселелері бойынша Шымкент қаласында көшпелі кеңес өткізді.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімдігі Түркістан қаласына дейін мұнай өнімдерін жеткізу ақылы автожол арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұл өнімнің түпкілікті құнына әсер етеді.

Кеңес қорытындысы бойынша қазіргі таңда Шымкент МӨЗ штаттық режимде жұмыс істейді, зауытта мұнай өнімдерін өндіру жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар жанар-жағармай құю станцияларына мұнай өнімдерін үздіксіз сатуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына Түркістан облысының ЖҚС желілеріне жанар-жағармайды (ЖЖМ) басымдықпен жөнелту бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Қазіргі уақытта негізгі ЖҚС-да сауда шектеусіз жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Жергілікті автожанармай құю желілеріне мұнай өнімдерін жөнелтуді алдын ала жоспарлау, сондай-ақ ЖЖМ резервтік қорларын қалыптастыру ұсынылды.

Сонымен қатар биылдың қараша айында бензин өндірісінің көлемі 444,5 мың тоннаны құрады (оның ішінде «ПКОП» ЖШС – 171,3 мың тонна), желтоқсанда жоспарланған өндіріс көлемі 447,4 мың тоннаны құрайды (оның ішінде «ПКОП» ЖШС-172,9 мың тонна). Бензиндердің орташа тәуліктік өндірісі – тәулігіне 15,7 мың тонна, ірі МӨЗ-де жөнелту – тәулігіне 14,5 мың тонна.

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Түркістан облысында (Шымкент қаласын қоса алғанда) бензиндердің жиынтық қалдықтары 14,2 мың тоннаны құрады. Бұл ретте 10-желтоқсанда бензиннің жалпы қоры 15,4 мың тоннаны құрайды, қалған қордың 1,2 мың тоннаға өскенін атап өтеміз.

Өзгелердің жаңалығы