Түркістан облысы кәсіпкерлеріне жоғары тариф заңсыз есептелген

16 Наурыз 2023, 09:36
858
Бөлісу:
Түркістан облысы кәсіпкерлеріне жоғары тариф заңсыз есептелген
Фото: gkhsp.kz

Облыс прокуратурасы қадағалау барысында тауарлық газ тұтынушыларының құқықтары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген.

Газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған, - делінген Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқықтары қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы