Түркістан халқы онлайн санақтан белсенді өтіп жатыр

14 Қыркүйек 2021, 18:21
6440
Бөлісу:
Түркістан халқы онлайн санақтан белсенді өтіп жатыр

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бірінші қыркүйектен бастап елімізде осымен үшінші рет Ұлттық халық санағы жүргізіліп жатыр. Санақ тұрғындары көп Түркістан өңірінде қалай жүргізілуде? Санақ несімен маңызды және не үшін жүргізіледі? Айта кетейік, негізінен халық санағы 2020 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда пандемияға байланысты биылға қалдырылды. Сондай-ақ коронавирус індетінің таралып кету қаупін болдырмас үшін халықтың біраз бөлігі санақтан онлайн режимде өтіп жатыр.   

Бұған дейін ұлттық санақ 1999 жылы жүргізілсе, екіншісі 2010 жылы жүргізілген. Ал биылғы есептеу «Қазақстанда әркім маңызды» деген ұранмен бекітілді. Өз кезегінде он жыл сайын өткізілетін маңызды санаққа барша қазақстандық немқұрайлы қарамай барынша атсалысуда.

Қазірге дейін оңтүстік аймағы бойынша 118 мыңнан астам респондент онлайн санақтан өткен. Бірінші орында Сайрам ауданы алда оқ бойы озып келе жатыр. Атап айтқанда, 23 мың респондент sanaq.gov.kz сауалдарына жауап берген. Келесі тізімде Қазығұрт ауданы бойынша – 14 711, Ордабасы ауданынан 12 191 адам, Түлкібас ауданынан 9085 адам санақтың сұрақтарынан өткен. Санақ барысында тұрғындардың өсу динамикасын әрі тұрмыс-тіршілігін, экономикасын анықтауға болады.

Түркістан халқы онлайн санақтан белсенді өтіп жатыр

Сонымен қазіргі Ұлттық санақ екі кезеңде өтуде: бірінші дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында, екінші негізгі кезең 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін жалғасады. 1-30 маусым аралығында интервьюерлер (тіркеушілер) әрбір елді мекен бойынша барлық үйлерді аралап, олардың тізімін және тұрақты түрде тұратын адамдар санын нақтылады. Бұл жұмысқа халық санағы бойынша 126 уәкіл, 50 нұсқаушы-бақылаушы және 345 интервьюер тартылды.

Халық санағының дайындық кезеңінің деректері негізінде аумақтарды аудандастыру, яғни елді мекендерді картографиялық материалда бейнелей отырып, нұсқаулық және есептік учаскілерге бөлу бойынша жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс санақ учаскілеріне дұрыс бөлуге және біздің облыстың барлық елді мекенін санақпен толық қамтуға көмектеседі. Аудандастыру қорытындылары бойынша нұсқаулық учаскілері орналасатын орындары айқындалды, олар үй-жайлармен, қажетті жабдықтармен, байланыс арналарымен және т. б. қамтамасыз етілуде.

Бұдан бөлек, sanaq.gov.kz өтпеген тұрғындар арасында 1-нен 30 қазанға дейін планшеттерді пайдалану арқылы өткізілетін болады. Бұл кезеңде 350 нұсқаушы-бақылаушы және 2385 интервьюер жұмысқа тартылады.

Сонымен қатар 2009 жылғы халық санағында болмаған сұрақтар енгізілді. Мәселен, қанша тіл біледі, отбасы мен жұмыс орны және мүгедектік, денсаулық туралы т.б. сұрақтармен толықтырылған.

 

Өзгелердің жаңалығы