Түркістан әкімі жерлестерінің ренішіне жауап берді

24 Қаңтар 2021, 09:34
2204
Бөлісу:
Түркістан әкімі жерлестерінің ренішіне жауап берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің Instagram желісіндегі парақшасына тоқтаусыз жауып жатқан қар салдарынан түркістандықтар қиын жағдайға тап болып, ызаға бой беріп отырғаны туралы жазды.

Мен қазір не жазсам да көңіл қоншытар бола қоймасын, біраз жерлесім ашумен пікір қалдырарын түсініп отырмын. Бірақ, қандай жағдай болса да түсініктеме беруге талпынып жүргенімді ешкім жоққа шығара қоймас, - деді әкім.
Түркістан әкімі жерлестерінің ренішіне жауап берді

Оның айтуынша, тоқтаусыз қар жауып, желдің аса қатты екпінінен қаламыздың бірқатар көшесінде қозғалыс қиындағанымен қоса электр желілері де істен шықты. 

Көптеген жерлесім қиын жағдайға душар болып, ызаға бой беріп отырғанын да түсінемін. Реті бола алдарыңызға келіп отырмын. Қар жауған сәттен коммуналдық саладағы бар жұмысшы дамылсыз жұмыс жасап жатыр. Қардан жолдарды тазалауға жүздеген азаматымыз бен техника шықты, - деп атап өтті Аюпов.
Түркістан әкімі жерлестерінің ренішіне жауап берді

Қала әкімі жауып тұрған қарды бір мезетте тазалап тастау мүмкін емес екенін жазды.


Қаланың бар көшесін бір мезетте тазалап тастау, жауып тұрған қарды сол сәтте-ақ жоқ қылу мүмкін емес екенін сіздер де түсінесіздер деп ойлаймын. Неге мүмкін емес дейтіндер бола қалса: иә, мүмкін, егер де қар жауған бойда жүздеген емес, мыңдаған адам, ондаған емес бірнеше жүз техника шықса тазалауға. Бұның да бір бірағы бар: жылына бір жауатын қар үшін сонша адамды жалдап, осынша техниканы сатып алып қайтесіздер деген сұрақ туындауы.  Өзім де қаланың арғы шетінен бергі шетіне барып, жұмыстың анық-қанығын білуге, қосымша қажеттіліктерді біліп, қамтамасыз ету амалын қарастырып жүрмін. Ауаның райы көптен бұндай мінезін көрсетпеген еді, бұл жолғы туындаған салдарының ауқымы қолымызда бар күшті жеткіліксіз етіп, қосымша күш пен ресурс қарастырдық. Жан-жақты көмек сұрап, мамандарды қостық. Соның арқасында қаланың басым бөлігінде жарық қосылды. Бұл жердегі әттеген-ай: қосылғандар қосылды деп жазбайды да, тек қосылмағандар үн қатқаннан бүкіл қала электр қуатынсыз отырғандай сезім туындатып отыр, - деп түсіндірді Түркістан әкімі жазбасында.
Түркістан әкімі жерлестерінің ренішіне жауап берді

Ол өз жұмысына немқұрайлы қарайтындар жоқ емес екенін де алға тартты.

Мойындаудан қашқан емеспін. Иә, жұмысына немқұрайлы қарайтындар бар. Сондықтан, әр жұмысты қадағалап, қамшылап жүрудің қажеттілігі болады. Бірақ, ағайын, «өздері жылы жерде отыр да біз мұнда қиналып жатырмыз» деулеріңіз артық. Өздеріңіздей-ақ бауырларыңыз осы ызғарға қарамастан әлі де тоқтамай қолдарынан келгенін жасап жатыр. Олардың да жақындары бүгін жарықсыз қалды. Біздің қалада ғана емес, жан-жағымыздағы қалаларда да тура осы жағдай. Бәріміздің басымызға түскен ауырпашылықты бірге көтеріп өтейік, - дейд Рашид Аюпов.

Сондай-ақ, әкім жұмыс жасап жатқан адамдар халықтың алғысына ғана лайық екенін жазды.


Өзгелердің жаңалығы