Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді

21 Қазан 2022, 10:51
1639
Бөлісу:
Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді

 Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер кеңесінің ережесі бекітіліп, дін басшылары қол қою рәсімін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша кеңес аясында бірлескен декларация қабылданды. Жиында сөз алған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Шушадағы тарихи басқосудың маңызына тоқталды.

Қадірлі бауырлар! Бүгін өздеріңізбен бірге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мұсылмандар басқармаларының басшылары осы қалада ережені бекітіп, қол қойылды. Енді Түркі мемлекеттері мүфтилері осы ереже аясында бірігіп іс қылады. Біз бұған дейін Түркияның Стамбұл, Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласында бас қостық. Жиында Түркі елдерінің жұмыс жоспары талқыланды. Бүгінгі Әзербайжан жеріндегі үшінші отырыста Кеңестің Ережесі толық бекітілді. Бастамаға қолдау көрсеткен баршаңызға Алла разы болсын! Ереже аясында алдағы уақытта бірқатар ірі жобалар, діни теріс ағыммен күрес, тарихи құндылықтарды түгендеу, Ғұламалар кеңесінің жиынын өткізу, бабалар жолын жаңғырту жұмыстары күтіп тұр. Сондықтан кеңес жұмысына табыс тілеймін, – деді Бас мүфти.

Айта кетейік, кеңес ережесінде негізінен түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды дәріптеу, отбасы, салт-дәстүр, түркі елдерінен шыққан дін қайраткерлерін насихаттау, жат ағыммен күрес, бірлесе симпозиум мен конференциялар ұйымдастыру, діни әдебиеттер мен түркі тілдерінде тараған шығармаларды таныту, Ғұламалар кеңесінің жұмысын өткізу сынды мәселелер қамтылды.

Өзгелердің жаңалығы