Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ауысты

11 Қараша 2022, 12:20
1061
Бөлісу:
Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ауысты

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің бірлігіміз жыл өткен сайын нығайып келеді. Соның арқасында Түркі әлемінің халықаралық аренадағы саяси салмағы едәуір артты. Түркия Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Режеп Тайип Ердоған бір жыл бойы Түркі мемлекеттері ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Осы уақыт ішінде ұйымның мәртебесін көтеріп, ықпалын нығайтуға зор үлес қосты. Сол үшін бауырым – Режеп мырзаға алғыс айтамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы бастама көтерді.

Республика атанғанына келесі жылы бір ғасыр болатын бауырлас Түркия елі өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Осы орайда, мен құрметті Режеп бейді «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы бастама көтердім. Бұл ұсынысым бірауыздан қолдау тапты. Сол үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Сөзімнің соңында ұйымға төрағалық ету міндеті Өзбекстанға берілуіне байланысты өзбек бауырларымызға тағы да толағай табыс тілеймін! Бұдан бөлек, ұйымның Бас хатшысы лауазымын атқару кезегі бауырлас Қырғызстан өкіліне өтеді. Осы орайда, 2018 жылдан бері Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы қызметін атқарған Бағдат Әміреевке алғыс айтамын. Ал жаңадан тағайындалған Бас хатшы Кубанычбек Өмірәлиевтің жұмысы жемісті болуына тілектестік білдіремін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы