Финляндияға бара жатқан туристік автобус аударылып кетті

17 Ақпан 2020, 12:43
1817
Бөлісу:
Финляндияға бара жатқан туристік автобус аударылып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Финляндияға жол тартқан автобус кюветтен шығып, аударылып кетті. 

Бұл туралы "Интерфакс" хабарлады.

Ішінде 19 адам бар автобус Ресейдің Петрозаводск қаласынан шыққан. Автобус салонында балалар да болған. "Сортавала" тасжолына жеткенде, көлік кенеттен аударылып түскен.

Қуанышқа орай, оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шекпеді, медициналық көмектің де қажеті болмады.

Алдын ала мәлімет бойынша автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған.


Өзгелердің жаңалығы