Түрік компаниясы Қазақстанға 215 миллиард теңге салық төледі

8 Маусым 2023, 09:21
793
Бөлісу:
Түрік компаниясы Қазақстанға 215 миллиард теңге салық төледі

Елордада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Anadolu Group холдингінің төрағасы Тунжай Өзілхан, Coca-Cola Icecek компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы аймақтық директоры Эрдинч Гузель және Efes Kazakhstan-ның бас директоры Курт Ертанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Түркия Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі.

Қазақстан мен Түркияны 30 жылдан астам достық қарым-қатынастар байланыстырып келеді. Бүгінде екі ел арасында негізгі салаларда ынтымақтастық орнатылып, экономикалық келісімдерге қол қойылды, - деді ҰЭМ басшысы.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды. Министр Қазақстанның салық саясаты инвесторлар үшін тиімді екенін хабарлады.

Келісімшарт жасасу кезінде инвесторларды ынталандыру шаралары көзделген. Сондай-ақ, шетелдік кәсіпкерлерге Үкімет арасында инвестициялар туралы келісім жасасу кезінде преференциялар ұсынылады. Оның шеңберінде барлық мерзімге келісімшарттары мен салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

«Anadolu Group» Қазақстан нарығында 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестициясы $704,9 млн. құрайды, компания 215,6 миллиард теңге салық төледі.

Өзгелердің жаңалығы