Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

27 Желтоқсан 2022, 18:02
802
Бөлісу:
Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті
PHOTO

Антальяда ұйымдастырушысы Түркия Республикасының Тұқым өсірушілер қауымдастығы болып табылатын «Болашаққа арналған тұқым» халықаралық бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация қатысып қайтты. 

Вице-министр форумда Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол түрік әріптестеріне Қазақстанда бастапқы тұқым шаруашылығын бірлесіп дамыту қажеттілігін айта отырып, еліміздің АӨК-не инвестиция салуға шақырды. Форумға қатысушылар ҚР Үкіметі тарапынан белсенді жүргізіліп отырған мемлекеттік қолдау шараларына қызығушылық танытты.

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

Панельдік пікірталас қорытындысы бойынша, Қазақстанда түрік кәсіпкерлері үшін бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттары ретінде көкөніс өндіру, бау-бақша өсіру, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын өндіру, жемістер мен көкөністерді өңдеу, қант, кондитерлік өнімдер өндіру, сондай-ақ қант қызылшасын, жемістер мен көкөністерді терең өңдеу өнімдерін өндіру болып көрінетіні айтылды. 

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне инвестиция салуға ниетті

Сондай-ақ форум қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым өндірушілерімен бірнеше кездесулер өтті. Соның нәтижесінде мақта шаруашылығы, майлы дақылдар өндірісі саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жас ғалым селекционерлердің тағылымдамалары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы