Түрік инвесторлары жеміс-жидек өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асырып жатыр

2 Қараша 2022, 20:45
730
Бөлісу:
Түрік инвесторлары жеміс-жидек өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асырып жатыр

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркияның «Göknur Gıda» компаниясы Жамбыл облысында интенсивті бау-бақша өсіру және жеміс-жидек өнімдерін өндіру бойынша ірі жобаны жүзеге асыруда. Инвесторлар өңірімізде өндірілген өнімді ішкі нарыққа және шетелге сатуды жоспарлап отыр. Компания өкілдері «Göknur Gıda» табиғи және концентрлі шырындар мен пюре өндіруге маманданған Түркиядағы ең ірі компаниялардың бірі екенін атап өтті.

Жамбыл облысының аграрлық әлеуеті жоғары. Айталық, өңіріміз республикада пияз өндіруден көш бастап тұр. Жамбылдық шаруалар бір миллион тоннадан астам пияз жинады. Ірі инвестициялық жобаларды, оның ішінде қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті, - деді Нұржан Нұржігітов.

Аймақ басшысы жауапты басқармаларға түрік инвесторлары ұсынған жобаны жемісті жүзеге асыру үшін қажетті қолдаулар мен көмектер көрсетуді тапсырды.

Басқосу барысында білім беру ұйымдарын есепке алу, жоспарлау және талдаудың өңірлік ақпараттық жүйесін енгізу, облыс орталығындағы коммуналдық базарды қайта құруға қатысты жобалар да таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы