Тұрғындар полицияға 115 атыс қаруы мен 1 граната тапсырды

19 Мамыр 2021, 12:33
1686
Бөлісу:
Тұрғындар полицияға 115 атыс қаруы мен 1 граната тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірден бастап Жамбыл облысында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция өткізілуде. Осы акцияны өткізуге 10 миллион 404 мың теңге бөлінді.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азамат тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне өтініш беруі тиіс. 

Сыйақылар мөлшерін комиссиялар айқындайды. Ерікті тапсыру үшін төлем сомасы қарудың түріне, оның техникалық жай-күйіне байланысты және әрбір бірлік үшін 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін барады. 

Акция басталғаннан бері полиция органдарына азаматтардан 90 өтініш келіп түсті, 115 бірлік атыс қаруы тапсырылды жалпы сомасы 7 миллион 403 мың теңгеге. Оның ішінде 24 бірлік ойық ұңғылы, 90 бірлік тегіс ұңғылы, 1 бірлік травматикалық қару, сондай - ақ 1 жауынгерлік қол жарықшақты граната,  - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Мәмбет Смайылов. 

Жамбыл облысы Полиция департаменты ескертеді, заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Өзгелердің жаңалығы