Тұрғындардың пікірлері мен шағымдары назардан тыс қалмау керек- Мусин

20 Қаңтар 2023, 20:11
1030
Бөлісу:
Тұрғындардың пікірлері мен шағымдары назардан тыс қалмау керек- Мусин

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 2022 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысын өткіздік. Осылай Бағдат Мусин өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы Қазақстан бойынша 14 жаңа цифрлық кеңселер ашылды. Мәселен, Астанада – Керей және Жәнібек хандар 4/1 мекенжайы бойынша жаңғыртылған Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылғанын атап өтемін. Жаңа цифрлық орталық Kaizen Standart (жақсарту) қағидаты негізінде жобаланған,- дейді ол.

Айтуынша орталықта тәулік бойы жұмыс істейтін дайын құжаттарды беруге арналған постаматтар орнатылған.

Жаңа ХҚКО-лардың тұжырымдамасын әзірлеу барысында басшылық құрамнан бастап, қарапайым қызметкерлердің ұсыныстары барынша ескерілуде. Болашақта біз әр өңірде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Kaizen қағидатын енгізуді жоспарлап отырмыз. Әрбір азаматқа мемкелеттік қызметті алу қолжетімді болуы үшін орталықтарда барлық жағдайлар жасалатын болады,- дейді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, отырыста Азаматтық хал актілері жазбалары (АХАЖ) қызметін мемлекеттік корпорацияның басқаруына беру жоспарланатыны айтылды.

 Қазіргі уақытта бұл қызмет Әділет министрлігінің қарамағында.

Сонымен қатар, кеңесте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қолданылатын шаралар белсенді талқыланды. 

Бүгінгі айтылған ұсыныстардың ең тиімдісі болашақта міндетті түрде жұмыс барысында қолданылатын болады. Отырыс соңында филиал басшыларына ХҚКО-лар мен МХҚО-лардағы жаңа қызметтер мен сервистер туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ, тұрғындардың пікірлері мен шағымдары назардан тыс қалмауы керектігін айттым. Бұдан бөлек, халықпен кері байланысты жақсартуды тапсырдым,- дейді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы